Павлодарлық білімпаздар жергілікті университетте оннан аса грант ұтып алды

Павлодарлық білімпаздар жергілікті университетте оннан аса грант ұтып алды

Білім бәсекесінде үздік нәтиже көрсеткен 12 оқушы Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гранттарын жеңіп алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Естай атындағы мәдениет сарайында 62-ші облыстық пән олимпиадасының жабылу рәсімінде жеңімпаздарға гранттар табысталды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова қатысып, жеңімпаздарды құттықтады. 

Атаулы гранттарды Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Жанбол Жилбаев табыстап, білімпаз жастарға сәттілік тіледі.

Марғұлан университетінің гранттарына ие болған 12 оқушының екеуі математика, екеуі физика пәні бойынша қатысқан болса, басқалары биология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, химия, география, информатика пәндері бойынша бағын сынап, үздік атанды.