Павлодарда 10 қыркүйекте қай жерлерде жарық болмайды
Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Лесозавод шағын ауданындағы «Иртыш» бағында мына көшелерде электр энергиясы болмайды:
- Малиновая, Ермаков, Хрустальная, Аймауытов, Зеленая, Северная – Цветочная, Вишневая, Алмазная, Степная, Лимонная, Рябиновая, Каштановая, Северная, Грушевая, Центральная көшелері.
Сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін «Сосновый бор» және «Весна» бағбаншылықтарында жарық болмайды.
Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 346, 348, 350, 354/1;
- Теплов көшесі, 14А, 17;
- Гагарин – Кошевой – Амангелді – Орджоникидзе көшелері аумағындағы тұрғын үйлер.