Павлодарда 10 мың адамға арналған палау дайындалды
Қала тұрғындары Ertis promenade сахнасының алаңында орналасқан «Наурыз» ауылында мерекелік дастарханнан дәм татты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның айтуынша, бүгін Павлодарда Наурыз мейрамы қаланың 16 нүктесінде тойлануда, оған Жаңаауыл ықшамаудандары, теміржол кенті және қала маңындағы бес ауыл да қатысты. Барлығы қала мен маңындағы ауылдарда 36 киіз үй орнатылды.
– Айта кетерлігі, демеушілік көрсеткен кәсіпорындарымыз белсенділік танытып, көптеген тәттілер: палау, наурыз көже, бауырсақ пен шай дайындады. Наурыз кентіндегі орталық алаңда Ертіс саябағындағы палаудың 10 мыңнан астам порциясы таратылады, - деді Светлана Гладышева.
Спикердің айтуынша, Наурыз - ең үлкен және ең жарқын мерекелердің бірі, Павлодардағы барлық айтулы мерекелер осы күннен бастау алады.
– Бүгін біз мерекелер өтіп жатқан бірнеше жерді араладық. Барлық жерде бұл мейраамды халық ерекше қуанышпен атап өтуде. Ал мұндай көңіл-күйге ауа-райы да ықпал ететіні сөзсіз, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, қала тұрғындары көрме киіз үйлеріне барып, қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен таныса алады.
Фото: Константин Шелков