Павлодарда № 126 автобус бағыты уақытша өзгертілді

Павлодарда № 126 автобус бағыты уақытша өзгертілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 22 тамыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін М. Жүсіп көшесінен И. Байзақов көшесіне дейінгі Толстой көшесі жабылады. Бұл – И. Байзақов көшесі, Бұқар жырау көшесі және Абай көшелерінің қиылыстарындағы учаске. 

Осыған байланысты № 126 автобус бағытының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді.

№ 126 автобус бағыты Нұркин – Луначарский – М. Жүсіп көшелерімен шығыстан батысқа қарай жылжу кезінде аталған учаскені айналып өтеді.

Батыстан шығысқа қарай жылжу кезінде Ген. Дүйсенов-Луначарский-Нұркин көшелерімен жүреді.