Павлодарда 17 жастағы жасөспірім іздестірілуде
Жасөспірім «Алтын құмдар» жағажайында жоғалып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда 16 маусым күні жоғалып кеткен 17 жастағы Марк Коноваловты іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «VITA» еріктілері мәлімдеді.
Еріктілердің мәліметінше, жасөспірім мотоциклмен жағажай бағытына шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Әзірге қайда екені белгісіз. Оқиға орнынан жасөспірімнің мотоцикл ішінде қалған жеке заттары мен ұялы телефоны табылған.
Белгілері: бойы шамамен 185 сантиметр, дене бітімі арықша келген, шашы ақсары, көзі жасыл.
Марк Коновалов туалы кез келген ақпарат маңызды. Жоғалған азамат туралы естіп-білсеңіз бірден +7 747 615 55 63 (Екатерина) нөміріне немесе 102 арнасына қоңырау шалыңыз.
Іздестірушілер өңір тұрғындарын хабарландыруға мұқият қарап, жасөспірімді іздеуге көмектесуге шақырады.