Павлодарда 30 бас жылқы жанып кете жаздады

Павлодарда 30 бас жылқы жанып кете жаздады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің нәтижесінде оқыс жағдайға жол берілмеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Шығыс өнеркәсіп аумағында база жанған. 

Өрт сөндірушілер шаруа қожалығының аумағында мал ұстауға арналған бір қабатты ғимаратта, тұрмыстық үй-жайда жалпы ауданы 30 шаршы метр жиһаз бен заттар жанған, – дейді департаментте. 

Өрт сөндірушілер  30 бас жылқыны құтқарып қалды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.