Павлодарда седан электр тірегіне соғылды
Жүргізушіге медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 15 қыркүйек күні таңғы сағат 06:50-де Естай - Абай көшелерінің қиылысында «Chevrolet Cobalt» пен «Lada Vesta» маркалы көліктер соқтығысқан.
– Жол апаты салдарынан «Lada Vesta» седанның иесі жол қозғалысын жалғастырып, электр тарату тірегіне соғылған. Жүргізуші медициналық көмекке жүгінді, – деді департаментте.
Көліктер айып тұрағына қойылды.
Еске сала кетейік, 14 қыркүйек күні сағат 00.30-да «Металлург» бағбаншылығына қарама-қарсы аумақта «Toyota Camry 40» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жылу трассасының бетон тірегіне соғылған. Алған жарақаттардан көлік иесі оқиға орнында қайтыс болды.