Павлодарлықтар бірден екі істі тындырды: дауыс беріп, азық-түлік алды
40-тан астам кәсіпорын өз тауарларын әкелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шағын жәрмеңкелер таңертеңгі оннан бастап қаланың сегіз шағын ауданында сайлау учаскелерінің жанында жұмыс істеді. Павлодарлықтар бірден арзан өнімдер сатып алып, дауыс берді.
– Шағын жәрмеңкелерде делдалдық байланыссыз сауда ұйымдастырылды, – деп атап өтті кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Әсел Кенжалина. – Сиыр еті мен жылқы етінің бірнеше ұшасы, төрт тонна көкөніс өнімі, сондай-ақ шұжық өнімдері, сүт және нан-тоқаш өнімдері өндірушілердің бағасымен жеткізілді.
Жәрмеңкеде жылқы етінің келісі – 2300-2500 теңгеден, сиыр еті – 2100-2300 теңгеден, тауық еті – 1100 теңгеден, күріштің келісі – 418 теңгеден, рожки – 338 теңгеден, қарақұмық жармасы – 327 теңгеден, қанттың келісі – 395 теңгеден, картоп – 95-110 теңгеден, сәбіз және қырыққабат – 110 теңгеден, пияздың келісі – 158 теңгеден, жұмыртқаның ондығы – 400 теңгеден, күнбағыс майының литрі – 620-дан 720 теңге аралығында сатылды.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері Павлодардың сегіз шағын ауданында ашылды.
1. Усол шағын ауданы, Майра көшесі, 49/1 - №25 ЖОББМ жанында;
2. Екінші Павлодар, №12 ЖОББМ, Салтыков-Щедрин көшесі, 60;
3. Химқалашығы, №35 ЖОББМ, Айманов көшесі, 37;
4. Саяжай шағын ауданы, №21 ЖОББМ, Қамзин көшесі, 346;
5. Естай атындағы қалалық мәдениет сарайы, Конституция алаңы, 1;
6. Оқушылар сарайы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 27;
7. Диспетчер шағын ауданы, №4 ЖОББМ, Гагарин көшесі, 58;
8. Вокзал, «Шаңырақ» МҮ, Назарбаев даңғылы, 1.