Павлодарда 400-ге жуық жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндегені үшін жазаға тартылды

Кейбіреулері есірткіге мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылы көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 873 жүргізуші жауапқа тартылды, оның 370-і Павлодар қаласында.
Мысалы, Қамзин көшесінде патрульдеу бағыты бойынша қызмет атқару барысында полиция қызметкерлері таңертең Chevrolet Cobalt маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушіде есірткіге мас болу белгілері анықталды.
– Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің орынсыз мінез-құлық, реакцияның тежелуі байқалды. Жүргізуші куәландырудан өту үшін дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Медициналық актіге сәйкес жүргізуші есірткіге мас күйінде болды, – деді департаментте.
Басқа жағдайда, күндіз Н. Назарбаев даңғылы бойында Лада гранта маркалы көлігін жүргізген ер адам тоқтатылды, оның жолдағы әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін туғызды. Медициналық куәландыру күдікті растады, ол жүргізуші де есірткіге мас болған.
Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автомашиналар мамандандырылған тұраққа қойылды. Ал материалдар қарау үшін сотқа берілді.