Павлодарда ағаш көшеттері тегін ұсынылады

Павлодарда ағаш көшеттері тегін ұсынылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара қаланы абаттандыру айлығын өткізу аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

– Көгалдандыруға қосылып, аулаңыздың және ауданыңыздың тазалығы мен сұлулығына өз үлесіңізді қосыңыз. Аулаларымызды бірге көгалдандырайық! Барлық ниет білдірушілерге ағаш пен бұта көшеттерін тегін алуға мүмкіндік ұсынылады, – дейді ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінде. 

2025 жылғы 11 сәуір күні сағат 10:00-де Химқалашық шағын ауданында «Жағалау маңы шағын ауданы» аялдамасы маңындағы тұрақта келесі ағаш түрлері таратылады: терек, үйеңкі, бадам, бозқараған (мамыргүл).