Павлодарда Ақмола облысына баратын жол жабылды

Нашар көрінуіне байланысты осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 08:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, екпінді қар, бұрқасын, көріну 50 м-ге дейін төмендеді) республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының (200-254 км) Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.