Павлодарда аграрлық сала бойынша сауал жүргізіледі

Павлодарда аграрлық сала бойынша сауал жүргізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

20 қазанға дейін ауыл шаруашылығы санағы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала тұрғындарының үйлеріне Ұлттық статистика бюросының интервьюері барады. Оның арнайы киім формасы мен бейджі болады, маманның аты-жөнін sanaq.gov.kz сайты арқылы тексеруге болады.

– Сұрақтарға ашық әрі шынайы жауап берулеріңізді сұраймыз – бұл деректер өңіріміздің және жалпы аграрлық саланың дамуына ықпал етеді. Барлық жауап құпия сақталады, басқа мемлекеттік органдарға берілмейді! – деді қала әкімдігінде.

Барлық сұрақ бойынша 1446 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады. Жұмыс уақыты 9:00-ден 21:00-ге дейін. Қоңырау шалу тегін.