Павлодарда алғаш дауыс бергендерге сыйлықтар әзірленген
Жауапты тұлғалар дауыс беруге арналған учаскелерде мерекелік атмосфера құруға тырысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Олардың бірі №62 нөмірімен Исенәлиев көшесі, 24 мекенжайындағы халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан. Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Қанат Ералин бұл учаскені сегіз жыл бойы басқарып келе жатқанын, сондықтан сайлау тәжірибесі мол екендігін жеткізді.
– Тоғыз адамнан тұратын учаскелік комиссия жұмыс істейді, оның негізі бірнеше жыл қатарынан өзгеріссіз қызмет етуде. Біз нақты және үйлесімді жұмыс жасаймыз. Біздің учаскеде «AMANAT» партиясы мен ауған соғысы және локальді соғыстар ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық қорының бақылаушылары тіркелді, шетелдік бақылаушылар әлі болған жоқ, – дейді Қанат Ералин.
Учаскеде дәрігерлер бригадасы, сондай-ақ полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Дауыс беру жәшіктерін үйде дауыс беретіндерге жеткізу ұйымдастырылды. Мұндай жеті азамат тіркелген, тағы жетеуі өз учаскесінен тыс дауыс беру үшін сырттай куәліктер алды.
Кіреберісте азық-түлік саудасы ұйымдастырылған, музыка ойнап тұр, жағымды атмосфера павлодарлықтарға мерекелік көңіл күй сыйлайды.
Сайлау құқығын алғаш рет пайдаланатын павлодарлықтарға сыйлықтар әзірленген. Учаскеде мұндай бес адам тіркелген. Орталық референдум комиссиясының мәліметтері бойынша дауыс беру үшін барлығы 10 323 учаске құрылды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 59 елде – 74 учаске.