Павлодарда алты автобус уақытша басқаша жүреді

Павлодарда алты автобус уақытша басқаша жүреді
Фото: pexels.com

Көшенің бір бөлігінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Сағат 17:00-ге дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты М. Жүсіп көшесінің Павел Васильев пен Ломов көшелері арасындағы бөлігінде автокөлік қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты № 003, 1Э, 10, 11, 31, 57 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді.

№ 10, 11 және 31 автобус маршруттары солтүстіктен оңтүстікке қарай Ак. Сәтбаев көшесімен жүріп, Теплов – М. Жүсіп көшелері арқылы (Ломов көшесіне кірмей) айналып өтеді. Қайтар жол да дәл осы бағытпен жүзеге асырылады.

№ 1Э автобус маршруты солтүстіктен оңтүстікке қарай Ак. Сәтбаев көшесімен жүріп, келесі бағытпен айналып өтеді: Ткачев – Майра көшелері арқылы (Ломов, М. Жүсіп, Құдайбердиев, Кенжетай көшелеріне кірмей).

№ 57 автобус маршруты оңтүстіктен солтүстікке қарай М. Жүсіп көшесімен жүріп, келесі бағытпен айналып өтеді: М. Жүсіп – Теплов – Ак. Сәтбаев – Ломов көшелері арқылы.

№ 003 автобус маршруты шығыстан батысқа қарай Ломов көшесімен Желтоқсан – Павел Васильев – М. Жүсіп көшелері арқылы қатынайды.

Жеңіл автокөліктер үшін реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.