Павлодарда алғашқы компьютерлік дизайн сыныбы ашылды
Мұндай сынып әзірге тек көркемсурет мектебінде ғана бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысы Қуаныш Қыдыралинның айтуынша, облыс орталығындағы алғашқы компьютерлік дизайн сыныбы балалар көркемсурет мектебінде орналасқан. Енді балалар компьютерде басып шығарып қана қоймай, сурет сала алады, сонымен қатар өз туындыларын принт қыла алады.
– Жаңа шеберханалар мен кабинеттер 2022 жылы оқу орнына «Үздік қосымша білім беру ұйымы» ретінде бөлінген әкімнің грантына жабдықталды. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева қыш шеберханалармен танысып, мектептің жабдықталуын бағалады, – дейді Қуаныш Қыдыралин.
Айта кету керек, Балалар өнер мектебі – 1979 жылы құрылған қаладағы ең көне оқу орындарының бірі. Бүгінде мектепте 1200 оқушы тәрбиеленуде, 32 педагог жұмыс істейді.