Павлодарда Антикор еріктілері белсенділік танытуда
Заң бұзушылық мемлекеттік сатып алу барысында анықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұратбек Қасымов мәлім етті.
– Жақында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша еріктілер бірлестігін ашқан едік. Олармен кездесу өткізіп, алдын ала оқыту шараларын жүргіземіз. Олар өздері маниторинг жүргізе алады. Бүгінгі таңда еріктілер тобында 61 адам бар. Еріктілер арқылы мемлекеттік сатып алударда жоғары қойылған баға байқалып, тиісті жаза қолданылды, – дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Мұратбек Қасымов.
Спикердің сөзінше, мемлекеттік сатып алу қағидаларын бұзғаны үшін мемлекеттік мекемелердің 13 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 11 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
Еске сала кетейік, жемқорлық жайлы ақпарат үшін 40-100 АЕК көлемінде сыйақы беріледі. Нақтырақ айтқанда, жемқорлық байқалған қылмыстық істі хабарлағандарға – 40 АЕК, отраша дәрежедегі қылмысты хабарлғаны үшін – 50 АЕК, ауыр дәрежедегі қылмысты хабарлғаны үшін – 70 АЕК, аса ірі дәрежедегі қылмысты хабарлғаны үшін – 100 АЕК қаражат төленеді. Жемқорлық байқалған әкімшілік қылмыстық іс жайлы хабарлағандарға 30 АЕК төленеді. Егер жемқорлықпен жымқырылған қаражаттың сомасы 1000 АЕК-тен асса, аталмыш соманың 10 пайызы хабарлаушыға сыйақы ретінде беріледі. Алайда бұл қызмет үшін 4000 АЕК-тен артық сома ала алмайды. Нақтырақ айтқанда, бұл сома 13 800 000 құрайды.