Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Сөрелерге көкөніс пен жеміс-жидек, ет, сүт және ұн өнімдері шығарылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
9 мамыр күні «Жайлау» базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сауда қатарлары таңғы сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, тұрғындар жергілікті фермерлер мен еліміздің өзге өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады. Бұл жолы жәрмеңкеге Железин, Тереңкөл, Шарбақты және Павлодар аудандарының шаруалары, сондай-ақ облыс орталығының тауар өндірушілері қатысады. Сауда орны Торговая көшесі, 2А мекенжайында (Космонавттар мен Торговая көшелерінің қиылысы) орналасқан.
Айта кетейік, дәл осындай жәрмеңкелер сенбі күні Екібастұз, Ақсу қалаларында және облыстың тағы 10 ауданында өткізілмек.