Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеге аймақтың бірнеше ауданы мен облыс орталығының тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
27 маусым күні Торговая көшесі, 2А құрылысында, Торговая және Космонавтар көшелерінің қиылысында орналасқан алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге Аққулы, Ақтоғай, Ертіс, Успен және Павлодар аудандарының, сондай-ақ Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұрғындар ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып алу мүмкіндігіне ие болады.