Павлодарда ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шараға төрт ауданның тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 мамыр күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Жәрмеңкеге Успен, Тереңкөл, Аққулы аудандары және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Өткізу орны: Торговая көшесі, 2А (Космонавтов пен Торговая көшесінің қиылысында).