Павлодарда автобус паркі 100 жаңа автобуспен толықты

Павлодарда автобус паркі 100 жаңа автобуспен толықты

Қала тұрғындарын тасымалдау жұмысына 89 жаңа автобус кірісуге әзір, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облысы әкімі Асайын Байханов өзінің  Instagram парақшасында мәлімдеді.

- Павлодар қаласының әкімі болып қызмет еткен уақытта,  біз 2021 жылы қоғамдық көліктің жұмысын жақсартуға бағытталған реформаларды бастаған болатынбыз. Оның бәрін халық біледі. Енді міне, «№1 автобус паркі» 100 жаңа автобус алатын болды. Оның 59-ы Павлодарда жұмыс істейді. Келесі аптаның соңына дейін тағы 30-ы келіп, жолға шығады. Автобустардың жаңартып, кестеге сай жүруі тұрғындарымыз үшін өтең ыңғайлы,- деп жазды облыс әкімі.

Ал қалған 11 автобус шілде айының соңына дейін жеткізілмек.

Айта кетерлігі, Екібастұз қаласына да 20 жаңа автобус жіберілді. Жыл соңына дейін мұнда тағы 30 жаңа көлік келеді. Осылайша, кеншілер шаһары 100% сапалы техникамен қамтамасыз етіледі.

«Павлодар автобус комбинаты» ЖШС де жаңартылуда. Кәсіпорын 20 жаңа автобус сатып алады. оның алғашқы 10-ы облыс орталығына шілденің соңына дейін келеді деп күтілуде.