Павлодарда автогаз құю станциялары тексерілді
Өңірде газбен жүретін автокөліктердің саны көбейіп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Газ баллонды жабдықтары бар машиналар бензинге қарағанда үнемді. Алайда мұндай көліктер ерекше бақылауды қажет етеді: орнату, пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезінде талаптарды сақтау.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденов мәлім етті.
– Біліктілігі жоқ мамандардың өздігінен, технологиялық процесті бұза отырып көліктерге газ баллондарын орнатқандықтан, өрт жағдайлары болып тұрады, – деп атап өтті Қайрат Шаймарденов.
Оның сөзінше, жуырда департамент қызметкерлері полицейлермен бірге «Газбаллон» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген. Тиісті рұқсатсыз көлік айдаған төрт жүргізушіге 103 мың 500 теңгеге АЕК айыппұл салынды.
– Рейд барысында 44 автогаз құю станциясы тексерілді. Жанармай бекетінің иелері мен жұмысшыларына нұсқаулық беріп, түсіндірме жұмыстарды өткіздік, – деді спикер.
Бұған қоса, ТЖД қызметкерлері 572 автокөлік жүргізушісінен сұхбат алған.
– Сауланамаға қатысқан респонденттердің 80% газ жабдықтарын пайдалану талаптарын біледі және сақтайды деп жауап берген, – деп атап өтті Қайрат Шаймерденов.
Айта кету керек, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес газ баллон орнатқан көліктер автотұрақтар мен паркингтерге қоюға болмайды. Сонымен қатар, жанармай құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын құюға тыйым салынады. Жабдықты орнатуды тек білікті мамандарға тапсырған дұрыс.