Павлодарда білім беру саласында экологиялық ҮЕҰ-мен іс-қимылды арттыру ұсынылды

Достық үйінде «Экологиялық білім беру және экологиялық мәдениетті дамыту мәселелері» тақырыбында экологиялық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Спикерлер ретінде Павлодар облысы білім басқармасының өкілі, «Эком» ҚБ төрағасы Светлана Могилюк, «Торайғыров университеті» КЕАҚ агротехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Виктор Камкин сөз сөйледі. ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын және тиісті өңірлік жоспарды іске асыру талқыланды.
Экологиялық білім беруді дамытуға басты назар аударылды. Қатысушылар жас кезінен бастап экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын және жүйелі көзқарас, «Үздіксіздік» қағидатын сақтау қажеттілігін атап өтті. Павлодар облысының білім беру саласындағы экологиялық ҮЕҰ-мен тұрақты өзара іс-қимыл мәселелері атап өтілді және осындай өзара іс-қимылды арттыру және күшейту жөнінде ұсынымдар берілді. Кеңесте айтылған барлық ұсынымдар жұмыста есепке алу үшін жауапты мемлекеттік органдарға жеткізілетін болады.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған отырыс аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі және Павлодар облысының әкімі Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру және тәрбие саласының өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.