Павлодарда бірқатар көшелерде су уақытша өшіріледі
Су құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамыр күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін Рылеев көшесі, 23 мекенжайында жоспарланған жұмыстарға байланысты келесі мекенжайларда су болмайды:
- Рылеев көшесі, 15, 19, 21, 23;
- Рылеев көшесіндегі Ш. Уәлиханов көшесінен Қостанайская көшесіне дейінгі жеке үйлер;
- Чапаев көшесіндегі Рылеев көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі жеке үйлер;
- И. Байзақов көшесіндегі Рылеев көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі жеке үйлер.
Мамандар уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға алдын ала су қорын жинап қоюды ұсынады.