Павлодарда бірқатар мекенжайларда су уақытша өшіріледі

Тұрғындардан су жинап алуы сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 тамыз күні сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін Солтүстік өнеркәсіптік аймағында орналасқан «Завод промышленных сит ПМК» ЖШС ысырманы ауыстырып, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады:
- Әкімшілік қалашық, 7/3, 8/7, 10, 11/3, 19, 40, 40/2;
- Солтүстік өнеркәсіптік аудан, 24, 26, 36/2, 47/2, 103, 103 К2, 112, 113, 174, 1604, 1231, 1886, 2014;
- Орталық өнеркәсіптік аудан, 102, 252, 2021, 2021 К2, 2021 К3, 2021 К4.
Ведомство тұрғындардан және кәсіпорындардан алдын ала су жинап алуды сұрайды.