Екібастұзда бір жасар екі сәби құтқарылды

Екібастұзда бір жасар екі сәби құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кішкентай балалар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 ақпанда Сәтбаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде кіреберіс есік жабылып қалып, ішінде бір жастағы екі бала қалып қойған.  

Оқиға орнына құтқару қызметінің мамандары жедел жетті. Полиция қызметкері күтушінің қатысуымен арнайы құрал арқылы есікті ашып, бөлмеге кірген. 

Медициналық көмек қажет болмады.