Павлодарда бірнеше мекенжайда ыстық су уақытша тоқтатылады

№10 жылу магистралін күрделі жөндеуден кейін қайта қосу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шілде айының 24 мен 27-сі аралығында бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда ыстық су уақытша тоқтатылады.
«Павлодар жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, жөндеу жұмыстары жылу жүйесінің қауіпсіз әрі сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Уақытша ыстық судың болмауы келесі мекенжайларға әсер етеді: Ростовская көшесі, 50, Наркоорталық, Қамзин көшесі, 5,7, 9, №5 емхана, №3 балабақша, Всеволод Иванов көшесі, 92, Щедрин көшесі, 30/1, Елгин көшесі, 47, 47/1, Краснодарская көшесі 50.