Екібастұз әкімі жылу магистральдерінің қайта құру жұмыстарын тексерді
Ол барлық негізгі жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.
– №3 жылу магистралінің реконструкцияланатын учаскесінің ұзындығы 2,2 км. Объектіде 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бөлшектеу жұмыстары толығымен аяқталды, жаңа құбырды монтаждау жұмыстары жүргізілуде, – деді Аян Бейсекин.
Сондай-ақ, биыл ұзындығы 1,6 км №1 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға үкімет резервінен 80-нен астам адам жұмыс істейді. Оған қоса, 33 бірлік техника жұмылдырылған.
Шаһар басшысы, мердігерлерге жаңа жылыту маусымы басталғанға дейін жаңа желілерді сапалы тазарту және сынақтар жүргізу үшін барлық негізгі жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.