Павлодарда бала үшінші қабаттағы балконнан құлап кетті

Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова мәлімдеді.
– 2016 жылы туған ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы ортақ балконнан құлап кеткен, – деді Сәуле Шәкенова.
Көптеген жарақаттармен, сынулармен және көгерулермен бала ауруханаға жеткізілді. Кейін дәрігерлер баланы құтқара алмағандарын хабарлады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында терезеден 10 бала құлап кеткен.