Павлодарда балабақша тәрбиешілерінің жұмыс уақыты қысқара ма?

Павлодарда балабақша тәрбиешілерінің жұмыс уақыты қысқара ма?
ЖИ иллюстрациясы

Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешілерінің жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тараған ақпаратқа сәйкес, тәрбиешілердің жұмыс уақыты таңертең және кешке жарты сағаттан қысқаруы мүмкін. Сондай-ақ әртүрлі топтағы балаларды біріктіретін кезекші топ жұмыс істейтіні айтылған. Осыған байланысты тәрбиешілердің жалақысы азаюы ықтимал деген болжам да қоғамда алаңдаушылық туғызды.

Алайда білім басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарып, ресми түрде түсініктеме берді. Онда ведомство қазіргі уақытта тәрбиешілердің жұмыс уақытының ұзақтығын қысқарту және кезекші топтарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылып жатпағанын атап өткен.