Павлодарда банк қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер тіркелді
Олар биометриялық сәйкестендірусіз несие берген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, телефон арқылы алаяқтықпен байланысты жағдайлардың таралуына және зардап шеккендерге кредиттердің ресімделуіне байланысты банк қызметкерлеріне қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істер тіркелді.
– Мысалы, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметкерлері өз міндеттерін жосықсыз орындады, яғни жәбірленушілердің тұлғасын биометриялық сәйкестендірусіз несие берген, – дейді департаментте.
Тиісті тергеу амалдары жүргізіледі. Тергеу жалғасуда.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері өңірде 173 алаяқтық тіркелді, оның 126-сы ақпараттық технологиялар саласына қатысты.