Павлодарда BMW көлігі отқа оранды

Өрт тоғыз минутта сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 тамызда сағат 13:39-да Ткачев көшесі бойында жеңіл көліктің жанғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеке құрамның 8 қызметкері мен өрт сөндіру қызметнің 2 техникасы жұмылдырылды. От сағат 13:48-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.