Павлодарда болған жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті

Павлодарда болған жол көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Олар бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін яғни 26 сәуір күні шағын айналма жолда орын алған.

- «Chevrolet Cruze» автокөлігінің жүргізушісі «Kia Soul» автокөлігіне жол бермей салдарынан қос көлік соқтығысты. Апат салдарынан «Kia Soul» көлігі аударылы кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан осы автокөліктегі үш адамы ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада. 

Ал «Chevrolet Cruze» автокөлігі айып тұрағына қойылды. Осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіледі.