Павлодар облысының бес ауданында өңдеу өнеркәсібі төмендеген
Жыл қорытындысы бойынша көлік, ақпарат және байланыс саласында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен өткен кеңейтілген аппараттық жиналыста әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және экономикалық көрсеткіштер бойынша меморандумдарды орындау туралы талқыланды.
Жалпы өңірлік өнім 2024 жылдың 9 айында 5,5 пайызды құрады, жыл қорытындысы бойынша алты пайызға дейін өседі деп күтілуде. 2024 жылғы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,3 пайызды құрады.
Өңдеу секторының 9,5 пайызға өсуі нәтижесінде өнеркәсіп 4,9 пайызға, өндіріспен 3,4 триллион теңгеге өсті. Ауыл шаруашылығы негізінен өсімдік шаруашылығы есебінен 26 пайызға артқан. Құрылыс жұмыстарының көлемі 387 миллиард теңгені құрады, бұл – 2023 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық.
– 2024 жыл оңай болған жоқ. Бірақ соған қарамастан, облыс барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамиканы сақтай алды. 2025 жылға арналған жоспарлар бекітілді. Барлық міндеттемелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажет, – деді Асайын Байханов.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша облыс – тоғызыншы, өнеркәсіпте – алтыншы, ауыл шаруашылығында – төртінші, саудада бесінші орында тұр.
– Жалпы, жыл қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу көлік, ақпарат және байланыс саласында тіркелді. Көлік бойынша үкімет жеткізген жылдық жоспар 120 пайызды құрады. Жыл қорытындысы бойынша қызметтер көлемі 5,4 пайызға өсті. Пошта және курьерлік қызметті сақтау секторында теріс динамика байқалады, – деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ·Ирина Назарчук.
Сондай-ақ, ақпараттық қызмет көрсету, дыбыс жазу, баспа қызметі, телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын құру саласында төмендеу байқалады. Ал, ішкі сауда индикаторы бойынша жылдық жоспар жеті тармақшаға асыра орындалды. Бекітілген меморандум шеңберінде нысаналы көрсеткішке үш қалада және үш ауданда – Баянауыл, Железин, Шарбақты толық көлемде қол жеткізілді.
Өңдеу өнеркәсібінің өсуі 9,5 пайызды құрады, бұл ретте бес ауданда, Ақтоғай, Ертіс, Аққулы, Май және Павлодар аудандарында орындалмағаны байқалады.
Аққулы ауданының әкімі Руслан Мұқанов жалпы өнеркәсіп бойынша 276 миллион теңгеге өнім шығарылғанын атап өтті. Бұл 96 пайызды құрайды.
– Осылайша біз өткен жылғы көрсеткішке жете алмадық. Бұл «Бесқарағай-Әлкей» ЖШС-нің қайта құрылуына және «Асыл береке ӘКК-нің жабылуына, сондай-ақ, бақша дақылдарының егістік алқаптары мен қарақұмық дақылдарының азаюына байланысты ауыл шаруашылығы бойынша көрсеткіштер орындалмады. Мысалы, егер 2023 жылы фермерлер бақша дақылдарына 1,9 мың гектар ексе, биыл 1 193 гектар ғана егілді, – деді Руслан Мұқанов.
Облыс әкімі 2025 жылы мұндай жағдайды қайталамау үшін қорытынды шығаруды талап етті.