Павлодарда бірнеше көшеде ыстық су болмайды

Павлодарда бірнеше көшеде ыстық су болмайды
Фото: Константин Шелков

Жылу желілерін реттеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, 9 қарашада жылу желілерін және қысқы жұмыс режимдерін реттеу жұмыстарына байланысты Оңтүстік желілік аумақтағы 1-ЖЭО арқылы жылытылатын тұрғын үйлер мен нысандарда ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Келесі мекенжайлар бойынша жылу өшіріледі: 

29 қараша – Ак. Шөкин – Ломов – Ворушин, сондай-ақ Усолка, Саяжай, Достық, Сарыарқа, Екінші Павлодар, Шығыс, Зеленстрой шағын аудандары мен Шығыс өнеркәсіптік аймағы. 

Павлодар қаласы әкімдігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.