Павлодарда бір айдан астам жоғалып кеткен жігітті іздестіру жалғасуда
Еріктілер өзен жағалау аймағын тексеруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Vita» іздеушілер ұйымының мәліметінше, 1 қыркүйекте 26 жастағы күйзеліске түскен Александр Фоминов хабар-ошарсыз кеткен.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еріктілер, туыстары, достары жоғалып кеткен жігітті іздеу шараларын күн сайын жалғастыруда. Ол соңғы рет Усолка шағын ауданында болған, кешке жұмыстан кейін дүкенге кірген.
– Өзенен бастап су мұнарасына дейінгі жағалау пысықталды, сондай-ақ Усолка шағын ауданы қайтадан тексерілді. Нәтиже жоқ, – деп жазды еріктілер.
Іздеу шараларына кинологтар мен атты полиция, дрон жұмылдырылды. Оны көрген немесе қайда жүргені туралы қандай да бір маңызды ақпарат болса, еріктілердің келесі Whatsapp нөмірлері бойынша хабарлауға болады: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана).