Павлодарда кіреберісте көңіл көтерген топ детоксикация орталығынан шықты
Майра көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары кіреберісте ішімдік ішкен адамдарға шағымданған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік инспектор 30 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
– Қалған үш ер адам Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды, өйткені медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ауыр дәрежелі алкогольдік мас күйінде болды. Олар естерін жинағаннан кейін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері тәртіп сақшылары белгіленген уақытта алкогольді сатудың 44 фактісін, сондай-ақ алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз өткізудің 33 фактісін анықтады. Нысан иелері ӘҚБтК 463-бабы бойынша жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, полицейлер қоғамдық орында алкогольдік мас күйінде болудың 2049 фактісін анықтап, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.