Успен шаруалары өткен жылғы сабақтардан нәтиже шығарды

Успен шаруалары өткен жылғы сабақтардан нәтиже шығарды
Фото: София Котельникова

Өңірде егіс науқаны қарқын ала бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Успен ауданына келді. Аймақ басшысы Ольгинка ауылдық округіндегі «Анна» шаруа қожалығындағы көктемгі егіс жұмыстарымен танысты. Егіс алқабы шамамен 12 мың гектарды құрайды. Негізгі дақылдар – бидай және күнбағыс.

– 26 сәуірде жұмысты бастадық. Құрғақшылықты болдырмау үшін өткен жылғы сабақтарды ескеріп, егінді бірнеше кезеңге бөлдік, – дейді «Анна» ШҚ басшысы Сергей Саруджиди. – Кадрлармен, тұқымдармен, техникамен толық қамтамасыз етілгенбіз. Бес-алты жыл бұрын шаруашылықты жаңғыртып, дамыттық.

Оның сөзінше, фермада ылғалдың максималды сақталуы үшін барлық жағдайлар жасалды: егістіктерден арамшөптер алынып тасталды, 100 пайыз ылғал жабылды. Ал 600 гектар жайылымды ылғалмен қамтамасыз ететін екі су қоймасын салу жоспарлануда. Жобаның құны 2,4 миллиард теңгені құрайды. Шаруа қожалығының басшысы 400 миллион теңгені өзі құяды, ал қалған екі миллиардты мемлекеттен сұрайтын болады. Іске асыру мерзімі 2024-2025 жылдар.

– Бұл өзін жеммен қамтамасыз ету, мал бордақылау өнімділігін арттыру үшін жасалады. Ақбас мал басын 600-800 басқа дейін жеткізгіміз келеді. Қазір бізде өткен жылы құрғақшылықтан кейін қалдырған 200 аналық бас бар, – дейді Сергей Саруджиди. 

Асайын Байханов жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін су қоймаларын қоршауды тапсырды. Сондай-ақ, аймақ басшысы суару жобасына қолдау білдіріп, оның маңыздылығын атап өтті.