Павлодарлықтар Наурыз туралы TikTok түсіріп, елімізді тегін саяхаттай алады

Павлодарлықтар Наурыз туралы TikTok түсіріп, елімізді тегін саяхаттай алады

TikTok-та Наурыз мерекесіне орай онлайн-фестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

TikTok платформасы пайдаланушылар арасында әз-Наурыз мерекесі туралы және оның ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптары жайында баяндайтын бейнероликтер арасында байқау өткізбек. Қатысушылар дайын материалды #Наурыз2023 хэштегімен жүктеу керек.

#Қазақстан тарихы хэштегі бойынша бейнероликтер жүз миллионға жуық қаралым жинады. Ал #Қазақстан мәдениеті тэгі бойынша 75 миллионнан астам қаралым жинады, - дейді ұйымдастырушылар. – TikTok ұлттық мәдениетке үлкен көңіл бөліп отыр. Бұл қазақстандықтарға өз елі туралы әлемдік аудиторияға айтуға зор мүмкіндік береді.

Видео түсіруге арналған сюжетте мыналар болуы шарт:

- Тамақ. Авторлар ұлық мерекеде әзірлейтін немесе ерекше ұнататын сүйікті мерекелік тағамның рецептімен бөлісе алады;

- Саяхат. Елдің түкпір-түкпірінде Наурыздың қалай аталып өтілетінін айтыңыз немесе көрсетіңіз;

- Мәдениет. Мерекенің қызықты әдет-ғұрыптарымен немесе дәстүрлерімен бөлісіңіз. Наурызға байланысты жиі айтылатын дастандар мен аңыздарды айтып беріңіз;

- Музыка. Ұлттық билерді немесе қазақтың ұлттық аспабында өз орындауыңызбен бөлісіңіз.

Үздік үш авторға туристік компанияның сыйлықтары беріледі. Байқау жеңімпазы Қазақстан бойынша бес күндік сапарға аттанады. Ал екінші және үшінші орын алғандар үш және бір күнге саяхатқа шыға алады.

Үздіктер қатарында сіздің де болуыңыз бек мүмкін!