Павлодарда бірнеше үй уақытша судан ажыратылады

Павлодарда бірнеше үй уақытша судан ажыратылады

Мәшһүр Жүсіп көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

"Павлодар-Водоканал" ЖШС мәлімдеуінше, 28 қыркүйек күні сағат 9:00-ден бастап келесі күнгі таңғы 9:00-ге дейін Қайырбаев көшесі, 59, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 84, 86, 92, 92/1, 119,121, Кривенко, 26, сондай-ақ Желтоқсан көшесінен Қайырбаев және Кривенкоға дейінгі жер үйлерде су болмайды.

"Мәшһүр Жүсіп – Қайырбаев көшесінің аумағында жаңадан салынған су құбырын қайта кесуге байланысты сумен жабдықтау тоқтатылады", – делінген хабарламада.

Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, су қорын жинауды сұрайды.