Асайын Байханов жерлестерін ұлық мерекемен құттықтады

Асайын Байханов жерлестерін ұлық мерекемен құттықтады

Павлодар облысының әкімі жұртшылыққа зор денсаулық, бақ-береке мен бақыт тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңір басшысы облыс тұрғындарын Instgram желісі арқылы құттықтады. 

- Сіздерді ұлы да ұлық, шуағы мол, тіршіліктің түлейтін, үміт пен бірліктің айшықты мерекесі - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ежелден Наурыз - адам мен табиғаттың үндестігін паш еткен кезең. Бұл күндері жұрт бір-бірімен қауышып, ренішті ұмытып, қол ұшын созып, ізгілікті ту еткен. Осындай тағылымды дәстүрлер Наурыздың терең философиясын айқындайды, ынтымақтың қадірін ұқтырады, - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

Асайын Байханов павлодарлықтарға қасиетті өлкеде өмір сүретіндігін ескертіп, осы өңірде туып-өскенін мақтан тұтатынын айтты. Сондай-ақ, облыс әкімі өңір дамуына бағытталған маңызды бастамаларға қолдау көрсеткен адамдарға алғыс айтты.