Павлодарда дүкеннің жанында көлігін қойған тұрғынға айыппұл салынды

Павлодарда дүкеннің жанында көлігін қойған тұрғынға айыппұл салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлер жыл басынан бері облыс бойынша өз көліктерін рұқсат етілмеген орындарға қойған 687 бұзушыны анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар өз көліктерін рұқсат етілмеген жерлерге қою арқылы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызады. Сондай-ақ, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және басқа да өмірлік маңызды қызметтердің жол жүруіне елеулі кедергі келтіреді.

 Мысалы, «Hyundai» маркалы автокөліктің жүргізушісі өз көлігін Торайғыров көшесіндегі дүкеннің жанына қалдырған. Бұл басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірді,  дейді департаментте.

Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлеріне дүкенге тез кіріп шығу үшін осылай жасағанын және жол қозғалысының басқа қатысушылары туралы мүлдем ұмытып кеткенін айтып түсіндірді.

Жүргізушіге бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.