Павлодарда дәрігерлер 10-қабаттан және шұңқырға құлаған балалардың өмірі үшін күресуде

Павлодарда дәрігерлер 10-қабаттан және шұңқырға құлаған балалардың өмірі үшін күресуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі баланың да жағдайы ауыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер 10-қабаттан құлаған 2019 жылы туған баланың өмірі үшін күресуді жалғастыруда.

– Тереңдігі 2,5 метр шұңқырға құлау салдарынан жарақат алған 2015 жылы туған баланың жағдайы ауыр. Жансақтау бөліміне жатқызылған, ем шаралары жалғасуда, – деп жазылған хабарламада. 

Ал арбадан құлап түскен бала оң динамикамен травматология бөліміне ауыстырылған. 

Естеріңізге сала кетейік,  шұңқырға құлаған балада бас миының жарақаты, мидың ісінуі, көп қан жоғалту, ауыр дәрежедегі геморрагиялық шок, гиповолемия, ауыр дәрежедегі анемия тіркелген. Шарбақты ауданында аталған факті бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің бастығына қатысты ҚР ҚК 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.