Павлодарда демалыс күндері қанша жол-көлік оқиғасы тіркелді?
ЖКО жедел жәрдем станциясының жұмысында басымдықтардың бірі болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен үш тәулікте 10 жол-көлік оқиғасына Павлодар жедел жәрдем қызметі жолға шықты.
Апаттардың бірінде 59 жастағы ер адам қаза тапты.
28 маусым күні сағат 17:30 шамасында Ворушин көшесінде жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысқан. Медициналық топ шақырылғаннан кейін оқиға орнына 5 минутта жетті, бірақ мотоцикл жүргізушісі өмірге сәйкес келмейтін жарақат алды.
29 маусым күні Тереңкөл ауданында басқа мотоцикл жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысқаннан кейін аман қалды, бірақ ауыр жарақат алған. Сынықтары бар және геморрагиялық шок жағдайындағы 20 жастағы жігіт № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.
Сол күні Павлодар мен Ақсу арасындағы тас жолда екі көлік соқтығысқан. Апат орнынан облыстық балалар ауруханасына бірден үш бала жеткізілді: 8 жасар ұл, 10 және 11 жастағы екі қыз. Зардап шеккендермен бірге екі ересек адам – 65 жастағы ер адам мен 66 жастағы әйел болған. ЖКО-ның тағы бір қатысушысы – 37 жастағы ер адам тексеруден кейін оқиға орнында қалды.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы 30 маусымда күні Майқайың кентінің ауданында тіркелген. ЖКО-ға түскен көлік Жасыбай көліне қарай бет алған еді. Ең ауыр жарақаттарды комаға түскен 31 жастағы әйел алған. Ол және 29, 35 және 36 жастағы үш ер адам алдымен Майқайың ауылдық учаскелік ауруханасына жеткізіліп, кейін Екібастұз қалалық ауруханасына ауыстырылды.
Облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді ережелерді сақтауға және жолда болып жатқан оқиғаларға мұқият қарауға шақырады.