Шарбақты ауданының тұрғындары стоматологиялық кабинет ашуды сұрады

Шарбақты ауданының тұрғындары стоматологиялық кабинет ашуды сұрады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шарбақты ауданының әкімі Сержан Иманқұлов тұрақты есеп беру кездесулері аясында Сосновка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

–  Аудандық жобаларды іске асыру аясында «Рубиком» ЖШС басшылығы Сосновка мектебіне қолдау көрсетуге дайын. Заборовка ауылында тұрғындар мектеп шатырын жөндеу мәселесін көтерді. Бұл жұмыс орындалды, сондай-ақ мектеп аумағын абаттандыру жүргізіледі. Терезе блоктары, 700 шаршы метр төсеніштер жаңартылады, спорт залында еден жабыны толығымен ауыстырылады, – деді Сержан Иманқұлов.

Сондай-ақ, кездесу барысында аудан әкімі малға арналған жайылымдардың жетіспеушілігі және ауылға кірме жолды орташа жөндеу мәселелеріне тоқталды. Тұрғындар стоматологиялық кабинет ашуға, музыкалық жабдықтар сатып алуға және ойын алаңын орнатуға қатысты мәселелерді көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.