Павлодарда Днепр шайқасының даңқты ерінің ерлігін еске алды

Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Суптель Қалқаман кентіндегі №13 өрт сөндіру бөлімінде қызмет еткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ардагерлер, қызметкерлер батырдың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
13-ӨСБ жеке құрамы кездесуде Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қақима Хайрулловна қатысушыларды Кеңес Одағының Батыры Иван Игнатович Суптельдің өмірбаянына егжей-тегжейлі тоқталып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме кейіпкерлерімен таныстырды.
Ардагер Новосібір облысында туып, он сегіз жасында Шығыс Қазақстанға көшіп, еңбек жолын полиметалл зауытында бастаған, көп ұзамай әскер қатарына шақырылған.
Жас жігіт майданда керемет батылдық пен табандылық танытты, үш рет жараланды, бірақ соған қарамастан майдан алаңында болды және Отан үшін күресті жалғастырды.
– Иван Суптель Днепр өзені үшін болған шайқас кезіндегі оның батылдығы мен батырлығын елеп, Кеңес Одағының батыры атағымен, сондай-ақ, «Ленин» орденімен марапатталды. Соғыс аяқталғаннан кейін Иван Игнатьевич бейбіт өмірге оралды және аймақ үшін маңызды нысанға айналған Қ. Сәтбаев атындағы арнаның құрылысына белсенді қатысты. Өмірінің соңғы бес жылында Қалқаман кентінің өрт сөндіру бөлімінде қызмет етіп, адамдар мен олардың мүлкін өрттен қорғады, – деді облыстық ТЖ департаментінде.
Кездесуде аға буын өкілдері өрт сөндіру ардагерлерінің – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың батылдығы туралы және майдан үшін күндіз-түні жұмыс істеген адамдардың еңбектері жайлы айтып, жер бетіндегі бейбітшілік пен бостандық үшін күрескендердің жадын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында, 13-ӨСБ қызметкерлері кездесудің барлық қатысушыларын қазандықта дайындалған нағыз сарбаз ботқасынан дәм татқызды.