Павлодарлық басшылар гаджеттерден әлдеқайда құнды затты атады

Олардың пікірінше, оны ешбір цифрландыру немесе прогресс алмастыра алмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Toraighyrov университеттің коворкинг орталығында «Кітап – болмыстың рухани негізі» тақырыбында «BIRTOLQYNDA» диалогтық алаңының отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова өз сөзінде бұл орайда Павлодар облысында 225 кітапхана бар екендігіне ерекше тоқталды.
- Олардың 197-сі ауылдық жерлерде орналасқан және олар тек білім көзі ғана емес, рухани-мәдени орталықтар міндетін атқарады, - деді әкім орынбасары. – Мемлекет басшысы атап өткендей, технологиялар дамығанымен, олар ешқашан кітапты алмастырмайды. Кітап оқу өй өрісін кеңейтіп, тиянақтылықты дамытады, ал кітапханашылар – адамзаттың рухани байлығын табыстырушылар.
Айгүл Мәлікова биыл облыста сегіз кітапхана жаңғыртылатыны туралы жаңалығымен бөлісті. Олар жастарға жақындай түседі және барлық жастағы оқырмандарға ыңғайлы болады.
Кездесу «AMANAT» партиясы орталық аппаратының хатшысы Шолпан Каринованың қатысуымен өтті. Ол облыстық мәслихат депутаты Александр Толмачевтің Ақсу қаласындағы сауда ойын-сауық кешендерінің бірінде кітап орталығын ашқанына риза екенін жеткізді.
Өз кезегінде сөз алған облыстық мәслихат пен партияның облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко студенттер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, билік өкілдері делдалсыз кең ауқымды мәселелерді талқылауға мүмкіндік алған мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Партия мүшесі партия мен облыс басшылығын депутаттық корпус алдағы уақытта да жергілікті жазушылар мен ақындардың кітап оқу мәдениетін көтеруге бар күш-жігерін салатынына сендірді.