Павлодарда дәмханадан өрт шықты

Оқиға орнына өрт сөндіру есептері жедел жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусымда сағат 23:12-де өрт сөндіру қызметіне «Камелот» дәмханасында түтін шыққандығы туралы хабарлама түскен.
– 2,5 шармы метр алаңда электр сымдарының жануы тіркелді. Өрт сөндірушілер қатты түтінге байланысты ғимараттың екі қабатында түтінді шығару шараларын өткізді. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер автокөлік жуу орнынан бір жеңіл автокөлік пен мотоциклді эвакуациялады, – деді департаментте.
Қалалық электр желісінің мамандары электр қуатын жедел сөндірді. Өрт сағат 23:44-те толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Эвакуация жүргізілмеді, себебі, ғимаратта адамдар болмады.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің, жедел әрекет етудің және кәсібиліктің нәтижесінде өрттің таралуына және ауыр зардаптарға жол берілмеді.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады.