Павлодарда екі баланың әкесі зорлау ісі бойынша сотталды
Ол өз кінәсін мойындамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының № 2 сотында жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 120-б. 1-б.).
Істің мән-жайы жәбірленуші өмірінің заңмен қорғалатын интимдік құпиясына жататындықтан және жария ету мүмкін емес болғандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.
Сотталушы кінәсін мойындамады. Ол қорғаушысымен бірге ақтау үкімін шығаруды сұрады.
Жәбірленуші мен оның өкілі айыпталушыға Қылмыстық кодекс бабының санкциясы шегінде жаза тағайындауды сұрады.
Ер адамның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сот зерттеген басқа да дәлелдемелермен расталады.
– Жағымды мінезделуін, соттылығының жоқтығын, сотталушының жастығын және асырауында екі жас баласының болуын ескере отырып, сот оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – деді Павлодар қаласының № 2 сотында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.