Павлодарда екі жасөспірім отырған көлік бағанаға соғылды
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясына 11 маусымда түнгі сағат 01:47-де Назарбаев – Толстой көшелерінің қиылысында көлік аударылғаны туралы хабарлама түсті. Екі медициналық бригада шұғылдықтың бірінші санаты бойынша оқиға орнына төрт минут ішінде жетті.
– 2007 және 2012 жылы туған жасөспірімдер зардап шекті. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді,– деді жедел жәрдем станциясында.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Тойота Чайзер» көлігінің жүргізушісі қауіпті жылдамдықты сақтамай, рөлге ие бола алмай жарық бағанына соғылды. Соққыдан көлік жолға аударылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.