Павлодарда екі егіз жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуде
Биыл «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінде басқа өлкелерден келген екі егіз сарбаз қызмет атқарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қатардағы Нұрсәуле Тоқтарованың айтуынша, әскерде егіздердің болуы – қалыпты жағдай, бірақ екі егіздің бір уақытта бір бөлімшеде борышын өтеуі әркімді таңғалдырады. Бірінші егіздер 2006 жылы өмірге келген Әсембек пен Әлембек болса, екінші егіз 2004 жылы дүние есігін ашқан Нұрсұлтан мен Ерсұлтан. Қос егіздер өз еріктерімен Отан алдындағы жауапкершілікті сезініп, әскерге барып, борыштарын өтегісі келген.
– Қаралы қаңтардан кейін әскерге баруды жөн санадық. Басында ата-анамыздың қарсы болғаны рас. Бірақ әкеміз бен ағамыз таңдауымызды қолдап, баталарын берді. Отан алдындағы борыштарыңды өтеп келіңдер, деді. Анамыздың бойында қорқыныш болғанымен, кейін ол кісі де рұқсат етті. Мақсатымыз – өз Отанымызды қорғау және азаматтық борышымызды атқарып, үлкен абыроймен үйге қайтып, ата-анамыздың, елдің мақтанышы болу, – дейді ағайынды Нұрсұлтан мен Ерсұлтан.
Әскери бөлімде Отан алдындағы міндетін атқарып жүрген қос егіздердің бұл әрекеті құрметке лайық екенін айтады.